ATPress.kz. 11 желтоқсан. Атырауда елорданы ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойылғанына жиырма жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Маxамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен мерекелік кеште аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев еліміздің бас қаласы мерейтойына жиналған қала тұрғындарын құттықтады.
«Осыдан 20 жыл бұрын Президент елорданы ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойған болатын. Осы уақыт ішінде дана және көреген шешімнің арқасында біз Еуразияның інжу-маржаны болып саналатын жаңа астанамызды тұрғыздық» деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Көрермен назарына облыстың барлық аудандарынан келген оқушылардың мерекелік бағдарламасы ұсынылды.
Бек Әзберген