Ендігі кезекте ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің иесі немесе жалға алушысы өз аумағында қосалқы нысанның құрылысын бастау үшін жергілікті әкімдікке өтініш жазуға немесе өз жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту міндеттемесінен босатылады.
Шаруалар үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер теліміне құрылыс нысандарын салу мәселесі бойынша тағы бір әкімшілік кедергі алынып тасталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаменті басшысының орынбасары Гүлжахан Бимендина мәлім етті. Оның айтуы бойынша, егер жер пайдаланушы (жекеменшік иесі немесе жалға алушы) өз учаскесінде ауылшаруашылығына қатысты - жылыжай, мал шаруашылық кешені - нысандар құрылысын бастағысы келсе, онда ол өз учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге міндеттелмейді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қандай ма бір нысандар құрылысын бастуға байланысты, қолданыстағы тәртіп мынадай, жер иесі немесе жалға алушы нысаналы мақсатттардың өзгергені жөнінде әкімдікке өтінішпен келуі керек. Енді бұл әкімшілік кедергі алынып тасталды. Ұлттық эконмика министрлігі өкілінің айтуынша, бұл шаруаларға даму мүмкіндіктері мен жер телімін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
- Тек, бір ғана шектеу бар. Жалпысында, құрылыс жайылымдық жерлерде ғана жүргізілуі тиіс. Суармалы бағалы дақыл егілген жерлерге құрылыс салуға рұхсат берілмейді. Бұндай бөліктерде суару нысандары құрылысынан басқа құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды, - деп атап өтті Гүлжахан Бимендина.
ATPress
Суретті түсірген Рахим Қойлыбаев