Ауыл кәсіпкерлігін қаржыландырудағы проблемалар шешімін таппақ

ATPress. 18 мамыр. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы Дияс Жәнібеков ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыруда бірқатар проблемалық мәселелер кездесетін

Аталған мәселені шешу мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жылдық мөлшерлемесі 7 пайызбен ауыл кәсіпкерлеріне қайтарымды несие беру үшін соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен 657 миллион теңге бөлінген.

- Барлығы 147 жоба мақұлданды. Оған қоса, өндіріске және қызмет көрсетуге бағытталған жобаларға несие бөлінуде. Ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларға несие берілмейді, себебі бұл мақсаттар үшін салалық мемлекеттік бағдарламалар бар. Ағымдағы жылы осы мақсаттар үшін қосымша 150 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді Д. Жәнібеков.

Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша, республикалық бюджеттен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында, микрокредиттеуге 197 800 000 теңге бөлінген. 

- Аталмыш қаржы көздерін бөлу, «Ауылдағы 100 жоба» идеясын жүзеге асыруға септігін тигізбек. Несиелік ресурстардың қолжетімділігі, өз кезегінде кәсіпкерлер мен жұмысын жаңа бастаушыларға, ауыл шаруашылығын дамытуда жаңа серпін болмақ, - деді Д. Жәнібеков

Одан бөлек, 1:1 (бірде бір) жоспары бойынша «Даму» қорымен бірлесіп жобаларды қаржыландыру үшін 150 миллион теңге бөлу жоспарлануда.

 

Даурен Бекбол

Сурет Рахим Қойлыбаевтыкі