Атырау қаласында Жайық тағы 3 см-ге көтерілді

2024 жылғы 28 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 28 сәуір сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзенінде өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді.

Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 645 см., деңгейдің +19 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 422 см құрайды.

Махамбет кенті 743 см деңгейінде, тәулігіне + 8см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 426 см құрайды.  

Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 434см., тәулігіне + 3см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 243 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"28 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 192 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ