Зерттеу жобаларының байқауы басталды

Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі басталды, деп хабарлайды Өңірілік коммуникациялар қызметі.

Конкурс Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының базасында өтуде. Білім додасына облыс бойынша 9-11-сынып оқушылары арасында 148 оқушы қатысуда. Қатысушылар төрт бағыт бойынша 16 секцияда жұмыстарын қорғайтын болады.

- Конкурс екі кезеңнен тұрады, І тур – жобаларды қорғау. Жұмысты қорғауға 7-10 минут уақыт беріледі. Жоба қорғау барысында қатысушылардың шығармашылық қабілеті, ғылыми ойлауы, қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі, тақырыптың ашылу дәрежесі, шешендік-шеберлігі, материалдың сапасы, айқындылығы бағаланады. ІІ тур – қатысушының сыныбына, оқыту тіліне сәйкес бейіндік пәндер бойынша тестілеу. Тестілеу 120 балды құрайтын 60 тапсырмаға негізделген, оны орындауға 2 астрономиялық сағат беріледі, деді Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин.

Айта кетейік, конкурстың қорытындысы туралы толық ақпарат орталықтың www.darynatyrau.kz ресми сайтында жарияланады.