ҰБТ—2022: Өзгерістер мен ерекшеліктер

ҰБТ өткізу пункттерінде (ҰБТӨП) "1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны»

ҰБТ өткізу пункттерінде (ҰБТӨП) "1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі.

Аймақтық тестілеу орталықтарында (АТО) барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, карантиндік шектеулер сақталады.

Мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі.

Қазақстан тарихы пәні тест тапсырмаларының құрамына контекс мәндегі тест тапсырмалар енгізілді (2021 жылы олар тек бейіндік пәндерде болды).

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы өзгертілді, тестілеу уақыты - 70 минут (бұрын 65 минут);

Тестілеудің  бейнебақылау жазбаларын  және іс-қимыл журналын (логтарды) тексеру күнтізбелік жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы:

Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.

Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл.

Сонымен қатар, әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.                                    

Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады.

2022 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу Ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Информатика» пәні ҰБТ-ның бейіндік пәндері тізбесіне енгізілді.

Осыған байланысты  «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары тобын таңдаған ЖОО-ға түсушілер 2022-2023 оқу жылынан бастап ҰБТ-да «Математика + Физика» орнына «Математика + Информатика» комбинациясын тапсырады.

Ал 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика + Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.


Енді Сіздер өз тестілеу нәтижеңіздің жеке тақырыптық талдауымен таныса аласыздар.

Бұл нені білдіреді? Тестілеу аяқталғаннан кейін Сіздер қате жіберілген сұрақтардың саны мен нөмірлерін ғана емес, олардың қандай тақырыптар бойынша құрастырылғанын білетін боласыздар.

Жаңашылдық наурыз айындағы ҰБТ-дан бастап қолжетімді.

Нәтижеңіздің тақырыптық талдауы Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде сақталады.


Педагогикалық мамандықтар бойынша шекті балл өзгеріссіз 75 балл болып қалды.


2022 жылғы мемлекеттік білім беру грантына үміткерлер үшін өткізілетін негізгі ҰБТ-ны тапсыруға 2 мүмкіндік беріледі.

Бұл ретте, оқуға түсуші мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына ең жоғары нәтижесі бар сертификатын ұсына алады.


2022 жылғы наурыз айындағы ҰБТ аяқталды.

Республика бойынша тестілеуге 105 мыңға жуық адам қатысты.

Жалпы нәтижелері төмендегідей:

  • талапкерлердің 70% – дан астамы шекті балл жинады;

  • орташа балл 69 құрады;

  • ең жоғары балл – 135;

  • тыйым салынған заттарды алып өту әрекету салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 99 талапкер айырылды;

  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 259 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды;


Наурыз айында Атырау облысы бойынша тестілеуге 4163 адам өтініш берді.

Жалпы нәтижелері төмендегідей:

  • Қатысқаны – 4135

  • Келмегені – 28

  • тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 12 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды;