Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған қазақстандықтардың балалары жоғарғы оқу орындары мен колледждерде тегін оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».Ө
йткені білім гранттары «Қазақстан Халқына» қорынан бөлінеді. Әр балаға жыл сайын 1 миллион теңге қарастыру көзделіп отыр. Жарақат алғандардың балаларына да қолдау көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау жаңа оқу жылынан басталады.
Айта кету керек, қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қайтыс болды.