Атыраулық студент «Euroskills –2023» халықаралық чемпионатының жүлдегері атанды

Биылғы 5-9 қыркүйек күндері Польшаның Гданьск қаласында «Euroskills –2023» халықаралық чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасы облыстық Әдістемелік орталықтың instagram-парақшасында жарияланды.

“Үш күнге созылған «Euroskills –2023» халықаралық чемпионатына қатысқан 32 мемлекеттің ішінен біздің жастарымыз Қазақстан туын биікке көтерді. Ұлттық команда құрамында мұнайлы өлкеден қатысқан С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Ерасыл Бағытжан «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша ел намысын қорғап, халықаралық чемпионатта «Үздік маман» және «Ұлт мақтанышы» медальдарымен марапатталды”, - деп жарияланған.

Айта кетейік, чемпионатта Қазақстан Ұлттық құрама командасының 28 қатысушы 25 құзыреттілік бойынша бақтарын сынаған болатын.