28 «наурыз», 2023 415

Атырауда ойын орталығында бала биіктен құлап, жарақат алды


Облыс орталығындағы «Атырау» сауда үйінде орналасқан ойын орталығында бала ойнап жүріп, биіктен құлап кетті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Жазатайым оқиға туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

Шамамен 11-12 жастағы ұл бала ойын орталығындағы атракционда 5-6 метр биіктен абайсызда құлап, жарақат алды. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем шақыртылып,  балаға тиісті көмек көрсетілген.

Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, баланың аяғы қатты ауырып қалған. Жедел жәрдем баланы облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне жеткізген. Дәрігерлер оған сол жақ тобық буынының жабық жарақаты деген диагноз қойған. Ақ халаттылардың тексеруінен соң бала үйіне қайтарылды. 

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.

Тегтер: # Талқыланған # Атырау