Атырау облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде «ертең Атырау мектептерінде атыс болады» деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Белгісіз біреулер «Конец Атырау» атты Telegram-канал ашып, 26 қаңтар, яғни, ертеңгі күнді тұрғындар мәңгіге ұмытпайтынын мәлімдеді. Канал авторлары Binom Alfarabi, Binom Konayev, №38 бен 48 мектептерде барлығын жаппай өлтіретіндерін хабарлады.

«Біз сіздердің мектептеріңізге кіріп, барлығын және әрқайсысысын атамыз» деп жазылған Telegram-каналда.

Бұған қатысты облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пікір білдірді.

«Еліміздің, бірқатар қалаларында осындай жалған ақпараттар таратылуда. Құзырлы орғандар тиісті әрекеттер етуде. Атырауда ертең мектептерде сабақ штаттық режимде өтеді. Дегенмен қауіпсіздік шараларын күшейтеміз» деп мәлімдеді ол.

Ал, ата-аналар ертең балаларын мектепке жіберуге қарсы болып жатыр. Ата-аналар чаттарында да бәрі абыр-сабыр болуда.

Сондай-ақ, полиция департаментінде жалған ақпарат таратпауға шақырады. Өз кезегінде құқық қорғау органдары тарапынан барлық тиісті шаралар алынатынын жеткізді.

Айта кетейік, тап осындай фейк-хабарламалар Ақтөбе қаласы мен Ресей қалаларында да таратылған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз бүгін полицияның «102» операторына Атырау қаласындағы мектептердің бірінде жарылғыш зат бар деген хабарлама түсіп, оқушылар эвакуацияланғанын жазған едік.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ