Атырау қаласы білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Атырау қаласы білім бөлімінің басшысы Аманбай Хусынов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова бұл ақпаратты растап отыр. 

Аманбай Шапхатұлы Хусынов 25 шілдеден бастап өз еркімен орнын босатты. 

Айта кетейік, А.Хусынов қалалық білім бөлімі басшылығына осы жылдың ақпан айының басында тағайындалған еді. 

Аманбай Шапхатұлы Хусынов 1975 жылғы 2 желтоқсан Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген.  

Қалалық білім бөлімінде 2018 жылдан бастап жұмыс істеді. Ол Атырау  қалалық  білім  бөлімінің әдіскері, жалпы  білім  беру  секторы  меңгерушісінің  міндетін  уақытша  атқарушы, жалпы  білім  беру  секторының  меңгерушісі қызметтерін атқарды. 

 2018 желтоқсан айынан бастап Атырау қалалық  білім бөлімі басшысының орынбасары болды. 


 Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Фото ашық дереккөздерден алынды