Жылыой ауданында жыл басынан бері «Зейін-Атырау» қоғамдық қоры «Қадам» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. Биыл қаңтар айында басталған «Қадам» жобасы қараша айына дейін өз ісін атқаратын болады. Жоба былтыр 25 қыз-келіншекті оқытқан болса, биыл олардың саны 50-ге көбейді. Биылғы қатысушылар 5 бағытта оқитын болады. Ол маникюр, макияж, парикмахер, тігін саласы одан басқа СММ курсы да бар. Барлық қатысушыға арналған компьютерлік сауаттылық курсы да өткізілген.
Былтыр ғана бастау алған бұл жоба да 25 қатысушыдан 18 қыз-келіншек өз ісін бастаған. Оның алтауы кәсіпкер атанса, 12-і жұмысқа орналасты.