Жауынгерлік қызмет – маңызды міндет

Әскери қызметшілердің адам өміріне араша түсуі қазіргі қоғамда қарқынды дамыған, осы  нәтижелерге қарағанда елдегі әрбір әскери қызметшілер өз міндеттерін адал атқарып жүргендігі айқын.

 Тілге тиек етпеуге болмайтын жайыттар өзіміз өмір сүріп жатқан қаламыз Атыраудада аз емес.  Осы оқиға күні кеше қаламызда орын алды. 1991  жылы 25 ақпанда құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының  5546 әскери бөлімі  жергілікті полиция департаментімен бірлесіп облыстағы ішкі тәртіпті күзетуде  өзінің мінсіз қызметін әрдайым көрсетіп келеді.  Аталған әскери органның әскери қызметшілері үнемі өздерінің кәсіби қызметтерімен жыл сайын біршама маңызды оқиғаларда үздік жағынан көрінді, соның бірі ҚР ҰҰ 5546 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы батальоны 1 жедел мақсаттағы ротасының 2 взвод командирі аға сержант Қошқар Ердәулет Талғатұлы ағымдағы жылдың 16 қазанында күнделікті ішкі тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде Исатай-Махамбет алаңында  есінен танып жерге құлаған азаматшаны көріп жергілікті жедел жәрдем қызметі келгенше  өзінің алғашқы медициналық көмегін көрсетті, дер кезінде көрсетілген көмек  азаматшаның есін жинауына өте үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасы  Ұлттық ұланының сарбаздары  осындай қызметке адал батырларды үлгі етуді жалғастыруда.

Әділ Құнанбаев,

№5546 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор