Махамбет тұрғындарын не алаңдатады?

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында салынып жатқан нысандармен танысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімметінше, алдымен Талдыкөл ауылының кіре беріс жолымен танысты. Жолдың жалпы ұзындығы - 6,2 шақырым. Былтыр тамызда кірме жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталғанмен, негізгі бөлігінің тығыздығы нормаға сай келмейді. Жобаға түзету жұмыстары жүріп жатыр.

Нет описания фото.

Бұдан кейін осы ауылдағы Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстарын қарады. Талдыкөл ауылының судан қорғану бөгеті 3 км құрайды. Келер жылы тасқынның алдын алу үшін 2,1 км жерін қайта жөндеуді және 500 метр жерге уақытша қапшық салуды қажет етеді. Аталған жұмысқа жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Серік Шәпкенов жауапты мамандарға Жайық суы деңгейінен көтерілмей тұрып жұмыстарды жеделдетуді міндеттеді.

Сонымен қатар Махамбет ауылдық округінде салынып жатқан 60 пәтерлік үйдің құрылысымен танысты. Қазір жұмыстар аяқталып келеді, инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, аулалар абаттандырылуда. Аймақ басшысы жауапты басшыларға жыл соңына дейін барлық жұмысты аяқтауды жүктеді.

Возможно, это изображение Арктика

Кейін Ж.Қартқожақов көшесінде орналасқан полиция ғимаратына барды. Өткен ғасырда салынған екі қабатты ғимарат 20 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Жаңа ғимарат салуды қажет етеді.

Биыл мамырда Жалғансай ауылындағы су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазір ғимарат толық жөнделді. Тазалау жабдықтары мен сорғыларды бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп, 1-көтергіш сорғы орнатылды. Сондай-ақ, 200 текше метрлік 3 су резервуары тазаланып, толықтай гидрооқшаулағыш жасалынды. 2-көтергіш сорғы ғимаратының іші жөнделіп, су сору станциялары қойылды. Жоспар бойынша қарашада пайдалануға беріледі. Нысанды аралаған Серік Шәпкенов аудан халқына берілетін таза ауыз суды үздіксіз жіберіп, ғимаратты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 1 человек