Екі күнде Атырауда 400-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

Атырауда “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

22-26 қараша аралығында Атырау қаласының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуіне орай Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, сонымен қатар, түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында күнделікті күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, іс-шара барысында тәртіп сақшылары 2 тәулік ішінде 376 құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде:
- көлікті мас күйде тізгіндеген-2 жүргізуші;
- көлік құралына лэд немесе ксенон жарық шамдарын орнатып жүргізген-27 жүргізуші;
- сақтандыру полисін жасаудан жалтарып жүргізген-77 жүргізуші;
- жүргізуші құқығынан айырылған күйде көлік жүргізген-2 жүргізуші;
- жаяу жүргіншілермен жолдан өту тәртібін бұзған-72 тұлға;
- мемлекеттік белгісі жоқ күйде көлік басқарған-5 жүргізуші;
- қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасаған-56 тұлға;
- қоғамдық орында мас күйде жүрген -16 тұлға;
- түнгі тыныштықты бұзған -13 тұлға анықталып, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар, 15 автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.