Индер ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Аққала ауылына 140 бағана мен 120 дана жарық- диодты шамдар орнатылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
- «Ас-Ер-компания» ЖШС мердігер мекемесі көше шамдарын орнату жұмыстарын аяқтап, ауыл іші 100 пайыз жарықпен қамтылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жоба аясында жарық бағанасы мен диодтық шамдарды орнатудан бөлек 6,3 шақырым болатын СИП кабельі ауыстырылды,- деді Елтай ауылдық округінің әкімі Дулатбай Сариев.
Қазір Индер ауданы көше жарығымен 85 пайыз қамтылған. Жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.
Сәуле МАҒАУ