Байларды тонап, кедейлерге көмектескен...

Үндістандан полициясы делийлік Робин Гуд атты қылмыскерді қамауға алды. Ол 25 адамнан тұратын топпен бірге қарақшылық жасап, тонаған дүниелерінің бір бөлігін кедейлерге беріп отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге порталына сілтеме жасап

Вашим Акрам мен оның серіктестері бай адамдардың үйлерін тонап, қолма-қол ақша мен зергерлік бұйымдарды алып, олжасының бір бөлігін кедейлерге берді, дейді полиция. Алайда шын мәнінде, Акрам мен оның серіктестері диснейлік Робин Гудқа аса бір ұқсамайды. Олар тонаған заттарының көп бөлігін өздеріне қалдырып отырған.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, Вашим Акрам жалпы саны 160 қылмыс жасаған. Оның ішінде кісі өлтіру және зорлау әрекеттері бар.Полиция 27 жастағы қылмыскерді ұстау үшін төрт ай жүріп ұстаған. Ол 19 тамызда Делидегі теміржол станцияларының бірінің жанында сыбайластарының бірімен кездесу кезінде ұсталған. 

Вашим Акрам бірнеше рет Үндістанның әртүрлі штаттарындағы тәртіп сақшыларынан жасырынып, тұрғылықты жерін өзгерткен полиция хабарламасында. Акрам және оның жақтастары кедейлерге көмектескендіктен, ол жергілікті тұрғындардың қолдауына ие болды. Сол себепті жұрт оған полиция қозғалысын хабарлап, ұсталуының алдын алып отырған.