Тастанды бала, тасбауыр ана: Атыраудағы "Сәбилер үйінде" егіздер де бар

Тастанды бала, тасбауыр ана: Атыраудағы "Сәбилер үйінде" егіздер де бар

Атырауда туа сала жетім атанған сәбилер жетерлік. Соның ең сорақысы - анасы нәрестесін бауырына басып, көп ұзамай оны қажетсіз зат ретінде мемлекеттің қарауына өткізіп тастауы. Атырау қаласында «Мамандандырылған Сәбилер үйі» деп аталатын мекеме бар. Біз балалардың бүгінгі жай-күйімен таныспақ ниетте онда арнайы бардық.