"Жилгородок" көпірінен жас қыз секіріп кетті... (+ВИДЕО)
Атыраулық полицейлер көпірден секірген 23 жастағы азаматшаны құтқарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Полиция департаментінен білгеніміздей, 26 сәуір күні сағат 15:48 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмекші болған әйел адамды байқап, дереу Патрульдік полиция қызметкерлері мен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөліміне бағыттама берген. Суға секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 жылы туған азаматшаны полиция аға сержанты Максим Рахмиденов және полиция сержанты Мұратбек Белекен суға секіріп, қайыққа шығарған. Оларға көмекке полиция сержанты Нұртай Жұмабаев пен полиция капитаны Жеткіншек Иманғалиев келген. Судың қатты ағысына қарамастан полиция қызметкерлері 7 минут ішінде азаматшаның өміріне араша түскен. Құтқарылған азаматша жағаға шығарылып, Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылған.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Коллаж: автор