Шалқар Ақымғалиев атына қоян-қолтық ұрыс турнирі ұйымдастырылды

2021 жылдың 17 наурыз күні Ақымғалиев Шалқар Көшкінбайұлының атына Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыс турнирі өткізілді, деп хабарлайды ATPress.kz

Турнир Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының және Атырау облысының «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының ұйымдастыруымен өтті. 

Жекпе-жек сайысқа Атырау облысының полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында халықаралық спорт шеберлері, әлем және Азия чемпиондары қатысты. Турнирді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әділхан Байдосов бастап, командалық есеп қорытындысымен жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларға арнайы алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар, Атырау облысы Полиция Департаменті басшылығы ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің анасы Ләззат Мәженқызына, елге батыр  ұрпақ әкеліп, тәрбиелегені үшін алғысын айтып, гүл шоқтарын табыс етті.