Махамбет ауылдық округінде демеушілік қолдаумен салынған хоккей алаңы ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аудан әкімдігінен білгеніміздей, аудан басшысы Қайрат Нұрлыбаев өткен жылы өткен «Туған жерге – тағзым» форумында Махамбет ауылында туып-өскен азаматтар туған жерді дамытуға арналған жобалармен танысқан болатын. Осы бастама нәтижесінде «Alimay» ЖШС-нің жетекшісі Андашев Ерлан Амангелдіұлының демеушілігімен жастарды спортқа баулу мақсатында хоккей алаңы салынып, пайдалануға берілді. Ашылу салтанатында ауыл ардагерлері мен жастар арасында достық кездесу ойындары өтті.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ