Авангардта үй өртеніп, 13 адам эвакуацияланды

Авангард шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінде ас үйден өрт шықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

ТЖД қызметкерлері өртті жедел сөндіріп, 13 адамды эвакуациялады, олардың арасында екі бала болды. 26 қаңтар күні Авангард-3 шағынауданында бес қабатты №46 тұрғын үйде, дәлірек айтқанда, екінші қабатта ас үйден өрт шықты. Сағат 18:55-те облыстық ТЖД пультіне шақырту келіп түсті. Жеделжеткен төтеншелік қызметкерлер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады. Эвакуация барысында көрші пәтерлерден 13 адам шығарылды, олардың арасында екі бала бар. Тағы жиырма тұрғын өз бетімен эвакуацияланды. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккендер жоқ, ал, өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ