Атырау қаласында алғаш рет мопед көлік құралы ретінде ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оны есепке қойған қала тұрғыны – 36 жастағы Руслан Абдугусейнов. Ол мопед маусымының басталуын күтпестен, көлік құралына мемлекеттік нөмір алды.
Полицейлер шағын кубаторлық мототехниканы тіркеу үшін иелеріне бірқатар құжаттарды:
- жеке куәлік немесе оның сандық аналогы,
- техникалық құжат (бар болған жағдай да) немесе ашық көздерден алуға болатын мопедтің сипаттамалары туралы ақпарат ұсынуы керек екенін еске салды.
Сондай-ақ өтінішті толтыру, көлік құралын тексеруден өту және мемлекеттік баждарды төлеу қажет болады.
2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркеу қағидаларына және «Жол қозғалысы туралы» Заңына түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап 50 текше метрлік мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Бұл дегеніміз, осындай көлікті басқару үшін жүргізушіге А1, А немесе В санаттарындағы жүргізуші куәлігі, ал мопедте мемлекеттік нөмірлер, сақтандырудың болуы және техникалық тексеруден өтуі қажет.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ