Атыраулық оқушылар робототехника байқауында топ жарды!

Ақтау қаласында өткен «Batys FIRST Championship» робототехника байқауында Атырау Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі atr.kz-ке сілтеме жасап.

Жас робототехниктер 40 командаға бөлінген 500 қатысушының арасынан оза шауып, Орталық Азия чемпионатына жолдама ұтып алды. 

Аталған мектептің баспасөз қызметінің жетекшісінің хабарлауынша, жеңімпаз команданың құрамында Хадиша Шабай, Нұралы Жақсылық, Самира Әміржан, Альтаир Кушалиев, Ахмеди Зинолла, Шерхан Абылай, Жанұя Жарас сынды талантты, білімді оқушылар бар.

Жетекшісі – тәжірибелі ұстаз Асқар Маратұлы шәкірттерімен бірге үлкен жетістікке қол жеткізіп, білім ордасының атын асқақтатты.