Сайлау күні не істеуге тыйым салынады?

Сайлаудың міндетті талаптарының бірі - дауыс беру рәсімі. 

Дауыс беру рәсімі жабық кабинада өтеді, онда сайлаушыдан басқа ешкім болмауы керек. Қарауға да тыйым салынады. Сайлау учаскелерінде тек аккредиттелген журналистер ғана фото және видео түсіре алады.

Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтуі тиіс. Мәжіліс сайлауымен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Сайлауға 7 саяси партия жіберілді. Бұл ретте Қазақстан бойынша бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылса, оның 525-і өзін-өзі ұсынғандар.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz