Атырауда үздік ауыл әкімі кім?

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Конкурс 2023 жылдың ақпан-маусым айларында өтеді. Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында екі жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ 2022 жылға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес​ бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жол беріледі. Конкурсқа бір жыл ішінде Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа, сондай-ақ қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық көрсетіп әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған әкімдер қатыса алмайды. Конкурсқа құжаттар 2023 жылдың 22 ақпанынан бастап 20 наурызына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
 
Конкурстың ережесі туралы толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы көруге болады: https://www.gov.kz/.../qyzmet/documents/details/433346....
 
Конкурс құжаттарын тиісті өңірдің аудандық әкімдігіне жолдау қажет.