Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кімдер өтті?

Бүгін AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы саяси кеңесі бюросы мәжілісі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жиында Атырау облыстық мәслихатының депутаттық мандаттарын партиялық тізім бойынша бөлу кезектілігін белгілеу туралы мәселе қаралды. 2023 жылғы 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша Атырау облысы сайлаушыларының 59,94%-і «AMANAT» партиясына дауыс берді. Мұның өзі партияға деген облыс халқының сенімі мен ықыласын нығайта түсуде. Атырау облыстық мәслихатының депутаттық 10 мандат бөлінді. Партиялық тізімде 50 пайыз әйелдер және 35 жасқа дейінгі 20 пайыз жастардың үлесі бар.