Жанболат Ербатыров әлеуметтік парақшасында Италиядан келген құдалар туралы жазба жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Италиядан келген құдалар! Күйеу баланың есімі Лучано! Италия елінде де қыз алып қашу салт дәстүрі бар екенін білдік. Бұл елде де 200 немесе 300 адамға арнап той береді екен. Ең бастысы, екі жас бақытты болсын» деп жазды ол.
Бейнежазбадан әнші Жазира Байырбекованың қазақ қызын шетелдікке ұзатып жатқанын көруге болады. Бірақ, жазба астындағы пікірлер алуан түрлі. Көбісі – «Бұл мақтанатын зат емес, ұят нәрсе», «Енді жетпей тұрғаны осы ед», «Қазақтың қара баласы жақсы еді ғой», «Қыздың намысы жоқ», «Қаңғыртып жібермесе болды», «Аруларымыз осылай шетел асып кете бере ме?», «Салттан, әннен садаға кетсін» деген пікірлерге саяды.