Құйрықты нәрестеге ота жасалды

Бразилияда нәресте алты сантиметрлік құйрықпен дүниеге келді. Таңғалған дәрігерлер оны  бірден алып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Нәрестенің құйрығында бұлшықет, қан және жүйке тамырлары болған. Бірақ сүйек болмады. Ерекше ауытқу қыздың омыртқасы немесе жұлынынан болуы мүмкін.

Сан-Паолодағы балалар ауруханасының дәрігерлері құйрықтың омыртқа мен жамбасты байланыстыратын бел-сакрал аймағынан жоғары қарай өсе бастағанына сенеді. Медициналық қорытындыда ақау "жалған құйрық” деп аталды. Процестің суреттері Pediatric Surgery медициналық журналында жарияланды.