65 миллион теңге: Қазақстанда ерекше марафон басталады

"Республикалық тұңғыш марафон-бәйгенің жүлде қоры - 65 млн теңге" деп хабарлайды ATPress.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Ұлы Дала жорығы» атты республикалық тұңғыш марафон-бәйге өткізілетіні туралы хабарлады.

Қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтитын бағытта 1200 шақырымды еңсереді.

Марафон 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында басталып, 29 қыркүйекте Түркістанда аяқталады.

Оған еліміздің әр өңірінен бір команда қатысады әрі мәреге 12 күн ішінде атпен жетуі тиіс.

Жеңімпаз 30 млн теңге, 2 орын иегері – 20 млн теңге, 3 орын үшін 15 млн теңге алады.

Толығырақ ortcom.kz сайтында.

Фото: ашық дереккөздерден