«Азаматтық бақылау» халыққа кеңес беру қоғамдық қабылдауы ашылды

ATPress.kz. 11 маусым. Атырауда «Азаматтық бақылау» халыққа кеңес беру қоғамдық қабылдауы ашылды. Әлеуметтік жоба еліміз бойынша Атырауда ғана алғаш рет іске қосылған.

«Азаматтық бақылау» тегін кеңес беру қоғамдық қабылдау жобасын Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып отыр. 

Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының және мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына байланысты сұрақтарға консультациялық көмек көрсету, жалпы сыбайлас жемқорлық әрекетіне соқтығысқан барлық азаматтарға тегін заңды кеңес, бағыт-бағдар беру. 

«Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауы күнделікті сағат 10:00 – 17:00 аралығында жұмыс істейді. Мұнда әр азамат заңға байланысты барлық сұрақтарға тегін кеңес ала алады. Сонымен қатар, сұрақтар, арыз-шағымдар телефон желісі немесе электрондық пошта (WhatsApp: +7708-207-97-34; E-mail: azamattykbakylau@gmail.com; Facebook: Азаматтық бақылау; Instagram: azamattykbakylau) арқылы қабылданады. Жоба аясында айына бір рет мемлекеттік қызмет орындарының бірінші басшылары қабылдау өткізеді. 

Қоғамдық қабылдау орталығы Атырау қаласы, "Өнерпаз" сауда үйі, 3 қабат, 318 «А» кабинетінде орналасқан. 

 

Айқара Ғұмар

Фото prostoinvesticii.com сайтынан алынған