Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов сенат кулуарында “7-20-25” жеңілдетілген ипотека бағдарламасын ертерек аяқтау көзделіп отырғанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк төрағасының сөзінше, бағдарлама 2018 жылдың жазында басталған. Бастапқыда бұл үшін 1 триллион теңге бөлінген.
"Бағдарламаны биыл аяқтау жоспарланған. Қазір жыл сайын 100 миллиард теңге бөлінеді. Макроэкономикалық тұрақтылық және инфляцияны ұстап тұру үшін бағдарламаның неғұрлым ерте аяқталуы барлығымызға тиімді", – деді Пірматов.
Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша қаржыландыру мөлшерін арттырмайды
Бұл бағдарламаға сәйкес ипотека 25 жылға дейін 7%-бен беріледі. Ал алғашқы жарнасы 20%-дан басталады.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеи басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен “7-20-25” бағдарламасының мерзімі 2029 жылға дейін ұзартылған еді. Дегенмен жыл сайын тек 100 миллиард теңге бөлінеді. Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралған. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. и