Шымкент ТЖД екінші рет жер сілкінуі мүмкін дегенді жоққа шығарды

Шымкентте екінші жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды otyrar.kz.
"Қала тұрғындарын үрейленбеуді, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деді ведомствода.

Шымкент төтенше жағдайлар департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

21 наурызда сағат 22.47-де Шымкентте 3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қираған ғиамараттар жоқ.

Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанда болды. Қазақстан бойынша жер сілкінісі Тараз, Алматы, Астана, Қызылорда, Түркістан облыстарында да сезілді.