«Олар — тонаушылар, қанішерлер, зорлаушылар» — Тоқаев

«Менің ойымша, бұл жоспарланған әрекет болды» деді Қ.Тоқаев қаңтардағы оқиға туралы «Хабар 24» мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында.

 «Бейбітшіліктен басталған жиын өлтіруге, тонауға дейін ұласты. Бұл кәсіби қарақшылар ойлап тапқан, солар орындаған кешенді операция болды. Бейбіт басталған шеруге  кейін бұзақы адамдар келді, ал содан соң 3-ші толқын. Олар — тонаушылар, қанішерлер, зорлаушылар. Оларды аймақты жақсы білетін содырлар басқарды, ғимараттарға шабуыл жасалды» деді Президент.