Ақтау қаласындағы «Бекет ата» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды AtyrauPress amin.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі күнге созылған байқауға 80 үміткер қатысты.
Нұрислам Ахметжанұлы Құранның 20 парасын жатқа оқудан 1-орын иеленіп, 3 млн теңгенің сертификатына ие болды.
Саламат Иманғалиев – Құранды мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 2-орын алды.
Жеңімпаздарға салтанатты жағдайда марапат тапсырылды.
Байқауға қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынады.
Қатысушыларға қойылған басты талаптың бірі – Құран ережесіне сай жатқа және мәнерлеп оқу.