Енді арнайы дәрігер мамандардың кеңесін қашықтан ала алады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидасына толықтыру әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатқа мынандай мынадай бейінді мамандардың қашықтан берілетін консультациясы қосылған: терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, оториноларинголог, стоматолог, кардиолог, пульмонолог, ревматолог, невропатолог, эндокринолог, аллерголог, гематолог, нефролог, уролог, сексопатолог, дерматолог, нейрохирург, кардиохирург, трансплантолог, онколог, психиатр және басқа да мамандар.

Сондай-ақ, баламалы медицина дәрігерлерімен (су-джок,, хирудотерапевт, гомеопат), диетологпен кеңесіп, бұрын жүргізілген зерттеулер бойынша қорытынды алуға болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің нақтылауынша толықтыру Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Іс-шаралар жоспарының 101-тармағының телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша жұмыс жүргізу мақсатында енгізіліп отыр.

Құжат 25 сәуірге дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.