"Бүгін, яғни, 19 қаңтарда елімізден Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы әскерилерін шығару аяқталды" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі Қорғаныс министрлігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Ресей Федерациясы Әуе-ғарыш күштерінің Ил-76 ұшақ бортымен Алматы қаласының әуежайынан соңғы бітімгерлер кетті.
Қысқа мерзімде елге Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстаннан жалпы саны 2030 астам әскери қызметші және 250 бірлік техникамен бітімгершілік контингенттері жіберілді.
Әскери күш стратегиялық маңызды, оның ішінде күнделікті өмір тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерді күзету міндеттерін орындады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталғанын атап өткен еді.
Осылайша, әскери контингенттер 13 қаңтардан бастап елімізден кезең-кезеңімен шығарыла бастады.