27 тамызда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылында 10 жастағы қыз көлікте тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды AtyrauPress.
Құқық қорғау органдары өрттің себептерін анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу басталды, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
" Баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 27 тамызда Хромтау ауданының Дөн ауылында аулада тұрған ВАЗ автокөлігі өртенді бұл көрші үйде орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларымен дәлелденді. Автокөліктің ішінде 10 жасар қыз болған, нәтижесінде ол қайтыс болды. Оқиға орын алған кезде ата-аналары үйде болған. Өрттің себептері анықталуда. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды ",- делінген аймақ полиция департаментінің хабарламасында.
Фото pixabay