20-дан астам шетелдік такси қызметінде заңсыз жұмыс істеген

Бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Астана қалалық Әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Тоғжұманов елордада заңсыз такси қызметін көрсеткен 20-дан астам шетелдік анықталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан Астана қаласының аумағында заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдіктер анықталды. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 431-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуда. Осы жыл басталғаннан бері қазіргі уақытқа дейін шамамен 20-дан астам жүргізуші анықталды. Олар Өзбекстан, Әзербайжан және тағы басқа шет елдердің азаматтары. Бүгінде шетелдіктер сот шешімімен жауапқа тартылып жатыр», - деп жауап берді Бауыржан Тоғжұманов тілші сауалына орай.