Тоқаев әскердегі өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты комиссия құруды тапсырды

Президент Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.

Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады.