Құрманғазыдағы қамыс өрті сөндірілді

Құрманғазы ауылдық округінен 40 шақырым қашықтықта орналасқан Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі аумағында қамыс өрті орын алған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің МИ-8 тікұшағымен оқиға аумағына бардым. Қазіргі уақытта өрт көзі толықтай жойылып, жақын маңдағы ауылдарға ешқандай зияны тимейтіндігіне көз жеткіздім" деді аудан әкімі Абат Жанғалиев.

Айта кетейік, 2 наурызда Құрманғазы ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің орман қоры аумағында, Құрманғазы ауылынан 40 шақырым қашықтықта (су батпақты аймақ) қамыш өсімдіктерінің 100 га аумақта өртенгені анықталды. Өртті сөндіруге 10 бірлік арнайы техника және ТЖҚ және орман шаруашылығының 36 қызметкері тартылды.