Индер базарындағы өртті полицейлер дер кезінде ауыздықтады

Атырау облысы Индер ауданында 27 сәуір күні сағат 01:00-де базар ішінен өрт шыққан.

Аудандық полиция бөлімі бойынша тексеруші болған бөлім бастығының орынбасары Арман Кубашев аумақты аралау кезінде өртті байқап, дереу қауіпсіздік шараларын қолданып, жақын маңдағы әріптестерін шақырған. Индер ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Юрий Гоменюк пен полиция лейтенанты Нұрберген Алтынбеков қолда бар құралдармен өртті ауыздықтап, тілсіз жаудың зардабының алдын алды.

 

Фото: pixabay.com