Атырау-Дамбы тасжолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, 28 мамыр күні сағат 23:30 шамасында Атырау-Дамбы тасжолында Hyundai Sonata және Lada автокөліктері соқтығысты. Салдарынан Lada көлігі оқиға орнында жанып кетті. Ал, жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Ақбота МАГПАРОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің "Журналистика және ақпарат" мамандығының 1 курс студенті