Жылыойда жаңа жоба басталды
Жылыой ауданында жастардың көркем әдебиетке махаббатын ояту мақсатында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Поэзия кеші» жобасы бастау алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Бұл аудан жастарын уақытын тиімді пайдалануы үшін іске асырылып жатқан шаралардың бірі. Аудандық жастар ресурстық орталығы өнерлі, шығармашылыққа құштар жастардың санын көбейту мақсатында «Поэзия кеші» жобасын бастады. Осы жоба арқылы жыл бойы тұрақты түрде ауданымыздағы өлең сүйер жастардың басын біріктіруді жоспарлап отырмыз.» - дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлібек Амандық.
Шығармашылық кешке 30 шақты жылыойлық жас жиналған. Олар ақындардың өлеңдерін оқып қана қоймай, өздерінің де жыр шумақтарын паш етті. Сонымен қатар, лирикалық әндер шырқалып, көрермендерден де қонақ кәде ұсынылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ