АTPress.kz. 13 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматтар мемлекеттік наградаларды иелен
Мемлекет басшысының қолынан «Парасат» орденіне ие болғандардың қатарында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, балет әртісі Алтынай Асылмұратова, скрипкашы Гауһар Мырзабекова бар.
Бұдан бөлек, ғылым, мәдениет және әлеуметтік саланың 53 көрнекті өкіліне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамотасымен 539 адам наградталды.
Сонымен қатар, әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, елдің қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі үшін бір топ азаматтар І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Мереке Асанова