Атырауда республикалық жас ақындар айтысы өтеді

ATPress.kz. 22 маусым. Атырауда «Астана - айбынды Ақ ордам!» атты республикалық жас ақындар айтысы өтеді.

Айтысты қалалық Жастар ресурстық орталығы мен «Айтыс» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Ол Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 29 маусым күні, сағат 10.00-де басталады деп жоспарланған.

Жас ақындардың өрелі өнері мен бәсекелі жыр додасына куә болыңыздар!

Кіру тегін.