ATPress. 15 мамыр. Арменияның Қазақстандағы Жедел және Өкілетті елшісі Ара Саакян (суретте) дипломатиялық орталарда Атырау облысының тұрғындары туралы не айтылып жатқандығы туралы баяндап берді.
Сенбіде, 14 мамыр күні, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Арменияның Қазақстандағы Жедел және Өкілетті елшісі Ара Саакянмен кездесті. Дипломатиялық өкілдіктің басшысы өңір басшысына сенбі күні таңертңеңгі 9-да кездесуге келіскені үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында Ара Саакян Атырау туралы алғашқы әсерлерімен бөлісті.
- Дипломаттар, шет мемлекеттің өкілдері өзара сөйлескенде Атырау облысы мен оның экономикасының айрықша маңызға ие екенін айтып жүр. Тіпті біздің бейресми кездесулерде де, жергілікті халықтың ерекшеліктері, олардың өз жерінің нағыз патриоттары және еңбекқор халық екендігі турасында әңгімелер болып тұрады. Бұл тұста біздің ұқсастықтарымыз бар, - деп атап өтті елші.
Сонымен қатар ол Армения мен Қазақстан арасындағы одақтастық, достық қарым-қатынаста, сол себепті де екі елдің интеграциялық ұйым алаңдарында серіктестік үшін үлкен мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Посол, өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім өз күшіне енгенін, және келесі күні оған Арменияның қосылғандығын еске салды. Сонымен қатар Ара Саакян бұл, шамамен 180 миллиондық тұрғыны бар, кең аумағы және табиғи ресурстардың үлкен қоры сақталған ең ірі нарықтардың бірі деп есептейді.
- Біз бұл тауарлы-экономикалық бағыттағы өзара тиімді мүмкіндіктерімізді толықтай жүзеге асырып отырған жоқпыз. Екі ел арасындағы тауарайналымның қаншалықты мардымсыз екенін айтудың өзі ұят. Ең жақсы кез саналған 2000 жылдардың басында жылына шамамен 30 млн. долларға жақындады. Ал қазір үш есе төмен. Әлбетте, бұл жерде тасымалдау жұмыстары аса маңызды. Таулы Карабах шиеленісі, сондай-ақ Абхаз шиеленісінің салдарынан, патша кезінен Арменияны солтүстіктегі сыртқы әлеммен байланыстырып келген теміржол торабы істен шықты, - деді А. Саакян.
Алайда, армяндар ретін тауып, Ресей нарығында сауда жасап жүргенін атап өтті. Әсіресе Қазақстанмен шекаралас облыстарда. Және де Армения Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық деңгейде серіктестік жасайтынынан хабардар.
- Мен біздің бизнес өкілдері мен қоғамдық ұйымдарға тауарларды жеткізуде өзара кооперациялық мүмкіндіктер қарастыруды ұсындым. Мен сіздердің мүмкін зерттеуге, ерекше көңіл бөліп және тапсырма бергендеріңізді қалар едім. Қажеттілік туындаса, мен қолдау көрсетуге әзірмін. Арменияда экономиканың бірнеше саласы қарқынды дамыған, - деп мәлімдеді А. Саакян.
Бірінші кезекте бұл ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу. Оның айтуы бойынша, Армения тек шикізат өндіруші ғана емес, өңдеуде де мол тәжірибеге ие. Елшінің сөзінше, қазірдің өзінде Қазақстан нарығына жеміс-жидек шырындары, Армян коньяктары мен басқа да тауарлар жеткізіліп жатыр. Қонақтың айтуынша, екіншіден, соңғы 10-15 жыл ішінде Арменияда құрылыс материалдарын өңдеудегі технологиялық деңгей күрт өскен. Армяндық құрылыс материалдары сыртқы нарыққа шығарылады. Алайда елші, оның өте қиын дәрежеде жүзеге асып жатқанын айтты. Және де, үшінші, өзара тиімді келісімге мүмкіндік тудырып отырған бағыт бұл – ақпараттық технологиялардың жоғарғы деңгейі.
ATPress
Суретті түсірген Рахим Қойлыбаев