Қазақстанда пилоттық режимде ауыл шаруашылығы санағы басталады. Санақ 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ауыл шаруашылығы санағына шаруа қожалықтар, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтары, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Санақ барысында жер және егіс алқаптары, төрт-түлік, үй құстарының саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары есепке алынады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты басқа да аспектілерге қатысты деректер назарға алынады.
Атырау облысында ауыл шаруашылығы санағы Атырау қаласы және Махамбет, Исатай аудандарында пилоттық режим түрінде өткізіледі.
Ауыл шаруашылығы санағы – бұл ауыл шаруашылығының құрылымы мен жағдайы туралы мәліметтерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық бақылау.
Фото: ru.freepik.com