1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облысы білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру, оқу - әдістемелік және ғылыми- практикалық орталығынык ұйымдастыруымен «Әншуақ» фестивалі жеңімпаздарының концерті өтті.
Биыл елімізде алғаш рет ақпан айында бастау алған “Әншуақ” қазақ тіліндегі балалар әндері фестиваліне облысымыздан 465 дарынды бала қатысқан еді. Әділ - қазылар алқасының шешімімен үздік 20 орындаушы таңдалды.
Бүгін өткен гала концертте үздіктерге Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» лагеріне жолдама, сыйлықтар табыс етілді.