Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Атыраулық тұғындардың көпшілігі қала ортасымен өтіп жатқан «Ерік - Мостовой» орталық кәріз жүйесінен қауіптенуде. Соған орай, каналдың жағалауын бөгеттермен нығайту мәселесі көтеріліуде. Бұл мәселеге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев түсінік берді.
"Ерік - Мостовой" каналынан қаламызға еш қауіп жоқ. Себебі, канал бойындағы судың деңгейі Атырау мөлтек ауданының тұсындағы шлюз арқылы реттелетін болады,- деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев.
Фото: архив